Түркістан
EN

Түркістанда шекара «бизнесі» тоқтатылды

58
18.09.2025

Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді.  Жедел-тергеу барысында полицейлер күдікті 4 азамат пен  олардың сыбайластарын қамауға алды. Олар көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектесіп, әр мигранттан 500 мың теңгеге дейін ақы алып отырған.  Қылмыстық топтан жалған құжаттар, паспорттар мен байланыс құралдары тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.