Түркістан
EN

Сарыағашқа келетін туристер азайған

55
18.09.2025

Биыл Сарыағаш ауданына 16 мыңнан астам турист келген. Алайда, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32,6%-ға төмен. Яғни, аймақта шипажайлардың саны көбейгенімен, қызмет сапасы мен сұраныс арасындағы алшақтық ұлғайып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Өңір басшысы демалыс орындарындағы қызмет сапасын арттыруға аса мән беріп отыр. Сондай-ақ, салықтан жалтаратын кей кәсіпкерлерге ескерту жасады.