Түркістан
EN

«Бәйтеректің» жанындағы кафе отқа оранып, бірнеше үй қоса өртеніп кетті

29
18.09.2025

Астана қаласының  орталығындағы кафелердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан өрттің кафені толық шарпып, жоғарыдағы бірнеше қабатқа дейін таралғанын көруге болады. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тілсіз жауды сөндіру қиын болғанын айтты. Себебі олар келгенше өрт күшейіп, сегіз қабатты тұрғын үйді отқа ораған.  Салдарынан 8 пәтердің іші-сырты бүлінді.   Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.