Премьер-министр әкімдерге азық-түлік бағасын реттеуді тапсырды. Ол үшін қажетті механизмдердің барлығы бар екендігін баса айтты. Құбылмалы бағаларға тосқауыл болуға экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс істемек. Бүгінгі таңда шамамен 1 миллион 300 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жиналған. Және ол күн сайын жаңартылып отыр. Енді Үкімет инфляцияны тежеп, бағаларды ұстап тұру үшін қосымша шараларды әзірлеуде. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында инвестиция тарту жұмыстары да артады. Ал, Министр Қарашөкеев «қант тапшылығына қатысты алаңдауға негіз жоқ» дейді. Себебі еліміз жақында 250 мың тонна ақ қант пен шикі қантты импорттайды.Оның айтуынша, қазір елде 90 мың тонна қант қоры бар. Тұрақтандыру қорларында, сауда орындарында, қоймаларда тағы – 38 мың тонна. Зауыттарда 20 мың тонна дайын қант, сондай-ақ 20 мың тонна ақ шикі қант бар. Ол қазір өңделіп жатыр. Халықты алаңдатқан мәселе жөнінде Әлихан Смайылов жауапты министрден қайта пысықтап сұрады.