Түркістан
EN

Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ-ді енгізудің ұлттық моделін бекітті

18
18.09.2025

 Қазақстан білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің ұлттық моделі бекітті. Құжатқа Оқу-ағарту және Цифрлық даму министрлері қол қойды. Бұл шешім Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмалар аясында қабылданды. 2025–2029 жылдарға арналған тұжырымдама білім саласында ЖИ қолданудың алғашқы ұлттық стандарттарын айқындайды. Онда этика, құқықтық реттеу және деректерді қорғау талаптары қамтылған. Жоспар бойынша мектептер мен колледждерде ЖИ тақырыптары оқытылып, заманауи цифрлық оқулықтар дайындалады. Мұғалімдердің біліктілігі үшсатылы үлгімен жетілдіріледі. Қазақстан бұл бағытта халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, өз моделін айқындаған алғашқы елдердің бірі болды.