Инвестиция – экономиканың қозғаушы күші. Президенттің биылғы Жолдауында өнеркәсіпті өркендетіп, кәсіпкерлікке кең жол ашу секілді міндеттер қойылды. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен өңірде Жолдауды жүзеге асыруға арналған ауқымды мәжіліс өтті. Оған жүзден аса кәсіпкер қатысып, Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру тетіктері талқыланды. Аймақ басшысы өз сөзінде кәсіпкерлерді қолдауды тоқтатпау қажеттігін жеткізді.