Түркістан облысының әкімі Қытайлық инвесторлармен жаңа өндіріс жобасын талқылады

3
17.09.2025 15:23

Түркістан облысында лифт және эскалаторлар шығаратын жаңа өндіріс орны ашылады. Өңір басшысы  Нұралхан Көшеров осы жобаларды ұсынып отырған қытайлық инвесторлармен кездесті. Жаңа жоба аясында индустриялық аймақтан зауыт салу, қазақстандық мамандарды оқыту сынды бастамаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Кездесу барысында екі тарап келіссөз жүргізіп, ынтымақтастықты нақты істермен жалғастыруға уағдаласты. Қытайлық кәсіпкерлер өз кезегінде жобаны жақын арада іске қосуға ниетті екендерін айтып, құрылыс жұмыстары мен жабдықтарды жеткізу бойынша нақты жоспарларымен бөлісті. Соның нәтижесінде жүздеген жаңа жұмыс орны ашылып, өңірдің индустриялық әлеуеті артады. Сонымен қатар өндірілген өнімдер Қазақстан нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне экспорттау көзделіп отыр.