Түркістан облысында кәсіпкерлікті қолдау күшейтіліп жатыр. Биыл әкімдіктің сүйемелдеуімен 350-ге жуық жоба іске асырылуда. Оның 200-ден астамы қазірдің өзінде жұмысын бастап, екі мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Аппарат мәжілісінде өңір әкімі Нұралхан Көшеров кәсіпкерлерге қолдау шараларын жандандыруды тапсырды. Әсіресе өндірістік ғимараттар құрылысын жеделдетіп, жаңа жобаларды орналастыруға басымдық беруді жүктеді.