Түркістан
EN

Түркістан облысында туберкулезге шалдыққан науқастар саны азайған

58
16.09.2025

Түркістан облысында туберкулезге шалдыққан науқастар саны 52,2 пайызға азайған. Бұл соңғы 10 жылдағы нәтиже. Ал, жыл басынан бері бұл диагнозбен тіркелгендер саны 9,7%-ға төмендепті. Балалар арасындағы жағдай да жақсарып келеді,-дейді мамандар. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте баяндады.