Елде заңсыз жұмыс істеген майнингтік компанияларға Болат Назарбаев пен Ерлан Нығматуллиннің қатысы бар. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Майнингтік фермаларға қатысты QazaqGaz Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен кәсіпкер Александр Клебановтың да аттары аталады. Заңсыз 51 фермалар Павлодар, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жұмыс істеп тұрған. Сондай-ақ майнинг жабдықтар Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен контрабандалық жолмен әкелінгені анықталды.