Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралды

4
16.09.2025 20:01

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны рекордтық деңгейге жетті. Жыл әлі аяқталмағанымен, биылдың өзінде 23 мыңнан астам жол апаты болған. Өйткені жол ережесін өрескел бұзатындар көп. Сапасыз инфрақұрылым да жазатайым жағдайлардың артуына түрткі болып тұр. Үкімет отырысында осылай деген Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Қайғылы жағдайлар әсіресе жарығы жоқ көше қиылыстарында жиі болады. Мәселені шешу үшін Көлік министрлігіне қауіпті аймақтарды анықтап, шұғыл түрде тексеріс бастауды міндеттеді. Сондай-ақ жол құрылысын барлық сатыда қатаң қадағалауды жүктеді.