Түркістан
EN

Үкімет жемқорлардан қайтарған ақшаға Шет ауданына жаңа медициналық пункт салып берді

22
16.09.2025

Қарағанды облысы Шет ауданы Еңбекшіл ауылында жаңа медициналық пункт жұмысын бастады. Әлеуметтік нысан кезінде заңсыз иемденілген активтер есебінен салынған. Медициналық пункт 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, тексеру және ем-шаралар кабинеттері бар. Шұғыл жағдайларға жедел ден қою үшін мекемеге аудандық аурухананың реанимобиль көлігі бекітілген.