«Грэмми» сыйлығының иегері Түркістанға келді

3
15.09.2025 20:15

Түркістан қаласы тағы да әлем назарында. Бұл жолы «Грэмми» сыйлығының екі мәрте иеленген, әйгілі америкалық композитор әрі продюсер Уолтер Афанасьефф алғаш рет Қазақстанға ат басын бұрды. Ол Димаш Құдайберген мен Қытайдың телеарнасы бірлесіп қолға алған «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық жобасына қатысты. Түсірілімдер Түркістанның тарихи және мәдени орындарында өтті. Музыкалық бағдарлама Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен әншілер арнайы келді. Қатысушылардың өнерін халықаралық деңгейдегі сарапшылар бағалады. Солардың бірі – бүкіл әлемге танымал «Титаник» фильміндегі «My Heart Will Go On» әнінің продюсері Уолтер Афанасьефф. Еліміздің туристік әлеуетін әлемге таныстыратын бұл жоба алдағы уақытта басқа өңілерде де жалғасын таппақ.