15 қыркүйек – танкистердің кәсіби мерекесі

4
15.09.2025 20:14

Бүгін –Қазақстан Қарулы күштерінде Танкистер күні аталып өтеді. Бұл – бронды техникамен қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер мен ардагерлердің кәсіби мерекесі. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде өткен салтанатты жиынға Қорғаныс министрлігі мен Құрлық әскерлері қолбасшылығының өкілдері, ардагерлер, әскери қызметшілер және курсанттар қатысты. Мереке аясында ел қорғанысын нығайтуға үлес қосқан әскерилер марапатталды. Әскери-патриоттық орталық ансамблі арнайы концерттік бағдарлама ұсынды.