Семейде жүк көлігі "асфальт астына" түсіп кетті. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан жүк көлігінің жолдың опырылып кеткен тұсына жартылай түскенін байқауға болады. Полиция мәліметінше, жол-құрылыс жұмыстары кезінде жылу торабы маңында жол жабыны опырылған. Шансиман көлігінің 37 жастағы жүргізушісі сол аумақтан өтіп бара жатып, шұңқырға жартылай түскен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Ойыққа айналған аумақ қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр.