Әлем чемпионы Ұлттық ұлан сапында қызмет етіп жүр. Түркістандық Еркебұлан Келдібаев гір көтеру спортынан үш дүркін әлем чемпионы және спорт шебері. Қазір Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлының есімі берілген 5571 әскери бөлімінде борышын өтеп жүр. Еркебұланды қарулас жолдастары ыстық ықыласпен қарсы алған. Ұландықтар оның рухының мықтылығы, еңбекқорлығы мен қарапайымдылығы үшін құрметпен «Қажымұқан» деп атап кетіпті.