Түркістан
EN

Түркістандағы эко-базарға қатысты жер дауы шықты

172
16.03.2022

Түркістандық тұрғын мемлекеттік мұқтаждығы үшін алынған жеріне төленген қаржыға көңілі толмайды. Оның айтуынша, мемлекет қарауына алған жерге бар болғаны 3 жарым миллион теңге ғана бөлмекші екен. Ал тәуелсіз сарапшылар бөлінген қаржыға келіспей отыр. Ауылшаруашылығы мақсатындағы телімге олар әлдеқайда көп қаражат қажет деп шешім шығарған екен. Осылардың бәріне қанық болған түркістандық тұрғын жердің өзінікі екенін дәлелдей алмай сенделіп жүр.