Түркістан
EN

Тәртіп сақшылардың атын жамылған алаяқтар көбейіп барады

99
12.09.2025

Тәртіп сақшылардың атын жамылған алаяқтар көбейіп барады. Алматыда өздерін полиция қызметкерімін деп халықты бопсалап, ақша беруін талап еткен үш азамат ұсталды. Олардан «Полицияға жәрдемдесу жасағы» атты қоғамдық бірлестіктің жалған қызметтік куәліктері, кісендер және ақша тәркіленген. Күдіктілер абақтыға уақытша қамалды. Мегаполисте жыл басынан бері тап осындай үш қылмыс оқиғасы болған.