Түркістан
EN

Судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес күшейеді

101
12.09.2025

Елімізде су ресурстарын пайдаланудағы «көлеңкелі» нарыққа қарсы күрес күшеймек. Су ресурстары және ирригация министрлігі бас прокуратура және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, республикалық деңгейде іс-шаралар жоспарын әзірлейтін жұмыс тобын құруға келісті. Арнайы топ жедел-аналитикалық жұмыстар жүргізіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырады. Тексерулер барысында заңсыз су пайдаланушыларды анықтау көзделген. Одан бөлек, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы және бассейн инспекцияларындағы қызметін адал атқармайтын лауазымды тұлғалар да назардан тыс қалмайды. Сондықтан су шаруашылығы мамандары өз функционалдық міндеттерін сапалы орындауы керек,-дейді Нұржан Нұржігітов.