Талдықорғанда балабақшалардың бірінен шу шықты. Желіде тараған видеода бәліш пен басқа да тағамдардың арасында тарақандар жүр. Тіпті балаларға берілетін ботқадан да байқауға болады. Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, енді жауапты адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылмақ.