Түркістан
EN

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 10 адам көз жұмды

67
12.09.2025

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 90 шақырым жерде болған. «Toyota Hiace» көлігі тізгіндеген жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіне аударылып кеткен.  Салдарынан 8 адам оқиға орнында, тағы 2 адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Жүргізуші мен 2 жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары ауыр. Қаза тапқандардың барлығы Қазақстанның әр өңірінен жиналып, қасиетті Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан. Ішкі істер министрі арнайы жедел штаб құрып, істі жеке бақылауына алды.