Мемлекет басшысы Жолдауында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру керектігін де айтты. Ол үшін ауыл шаруашылығы саласына арнайы технологиялар енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл міндет қазірдің өзінде іске асып келеді. Оңтүстік шаруалары соңғы жылдары жаңа технологияға ден қоя бастады. Биыл Түркістан облысында 59 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. «Бұл біріншіден, суды үнемдесе, екіншіден, өнімділікті арттырады», - дейді мамандар.