Түркістан
EN

Екі қонжығы бар аю фототұзаққа түсіп қалды

85
11.09.2025

Түркістан облысында аюдың қонжықтарымен жүрген сәті фототұзаққа түсіп қалды. Таспаға сирек ілігетін кадрларды Сайрам-Өгем ұлттық паркі жариялады. Видеода Тянь-Шань қоңыр аюларының табиғи мекенінде еркін қозғалып жүргені көрінеді. Мамандардың айтуынша, мұндай сирек түсірілімдер жабайы табиғаттағы аңдардың өмірін бақылауға және мониторинг үшін маңызды деректер жинауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Тянь-Шань қоңыр аюы Қызыл кітапқа енген. Көктемгі санақ бойынша, ұлттық парк аумағында осындай 105 аю мекендейді екен.