Бәйдібек ауданы тұрғын үйлерді жөндеу және жаңғырту бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Өткен жылы Шаян елді мекеніндегі көппәтерлі 8 тұрғын үйдің қасбетін жөндеуге аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. 3 тұрғын үйдің жөңдеу жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында аяқталып, халық игілігіне берілді. Қалған 5 көппәтерлі тұрғын үйдің жөңдеу жұмыстары қыркүйек айының соңында толығымен аяқталады.