Шымкенттік өнерпаздар қаланың мәдениетіне бөлінген қаржылардан пақыр тиын да көрмедік дейді. Осылай деп бас көтерген өнер иелері мәдениет басқармасындағы былықты жайып салды. Қала ішіндегі мәдени салаға миллиондап бөлінген қаржы саны өскенімен, тындырып жатқан шаруа шамалы дейді. Тіпті мәдениет өкілдері басқарма басшысының мәжбүрлі түрде «қомақты ақша игерілді» деген құжатқа қол қойғызып алғанын айтып шағымданды.