Енді зейнетақы жинағындағы қаржыңызды тіс емдетуге пайдалана алмайсыз. «Отбасы банктің» мәліметінше, бұл қызмет биылғы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тоқтатылады. Ал осы кезеңге дейін берілген барлық өтінімдер белгіленген тәртіпке сәйкес қаралады. Бірақ келесі аптадан бастап тіс емдеу бағыты бойынша қызмет көрсетілмейді. Өтінім қабылдау қашан басталатыны туралы қосымша хабараланады делінген мәлімдемеде. Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі жеке клиникалардың жалған схемаларын әшкере еткен еді. Азаматтардың біразы тіс емдетеміз деп қордан 200 млрд теңгені аударып алған болатын.