Қазығұрт ауданында қарқынды бау көлемі 800 гектарға жуықтаған. Ал, жалпы бау-бақша көлемі 2100 гектарға жетіп отыр. Өңірде қазір күзгі жиын-терім жұмыстары қыза түскен. Мақсары, жоңышқа секілді мал азығы дақылдарын жинау науқаны аяқталуға жақын. Қыс қамын жаз ойлаған өңір шаруалары жылды табысты аяқтаймыз деп отыр.