Түркістан
EN

Дәрігерлер еттартқышқа қолын салған баланың өмірін сақтап қалды

53
11.09.2025

 Түркістан облысында дәрігерлер 1 жасар баланың қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болды. Себебі бала абайсызда оң қолын еттартқышқа салып алған. Оқиға Төле би ауданы Көксәйек ауылында болған. Дәрігерлер оның бір өлімнен аман қалғанын айтады. Көп қан жоғалтқан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер бүлдіршінге шұғыл операция жасалып, оның өмірін сақтап қалған. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.