Шығыс Қазақстан облысында қымбат металдарды заңсыз өндіру фактісі анықталды. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының екі тұрғынын қолға түсірді. Заңсыз әрекет тек қана қылмыс емес, өңірдің экологиясына да қауіп төндіріп келген. Оқиға орнынан экскаватор, бульдозер секілді ауыр техникалар мен құрамында алтын мен бағалы металл белгілері бар бұйымдар тәркіленген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. 20-дан астам адамның қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.