Түркістан
EN

Қорғаныс министрі Президент Жолдауын іске асырудың басымдықтарын белгіледі

11
11.09.2025

Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты Қорғаныс министрілігі жиын өткізді. Кеңеске ведомство басшылығы, Қарулы күштердің бас қолбасшылары әскери оқу орындарының бастықтары қатысты. Министр Жолдаудағы цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын осы салаға енгізу міндеті ерекше екенін атап өтті. Жыл соңына дейін әрбір әскери бөлімде жергілікті желі құрылысын аяқтауды тапсырды. Оқу орындарында жасанды интеллект курсын оқытуды жүктеді. Оған қоса бұл технологияны әскери медицина саласына да енгізуді міндеттеді.