Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті цифрлық дамытуға үндеді

10
11.09.2025

Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметтердің барлығын толықтай цифрлық форматқа көшіру қажет. Жасанды интеллект пен басқа да озық технологияларды тиімді пайдалану міндеттеледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында сөз болды. Өңір басшысы, сала басшыларына нақты міндеттер жүктеп, оның ішінде кәсіпкерлікті цифрлық дамытуға бағытталған тапсырмалар берді.