«Түркияның белгілі қаламгері Фатма Гүнердің балаларға арналған шығармасы қазақ тіліне аударылды. Достықты арқау еткен туындының таныстырылымы облыс орталығындағы балалар кітапханасында өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары қатысып, кітап мазмұнымен танысты.