Түркістан
EN

Қайрат Сатыбалды не үшін қамауға алынғаны анықталды

127
15.03.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов «Қазақтелеком» ғимараттарында тінту жүріп жатқанын айтты. Ал "Қазақтелеком" АҚ-ның 24% акциясы Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі. Жақында ғана ол қомақты қаржыны жымқырды және қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен қатарында. Forbes Kazakhstan журналының есебі бойынша, оның дәулеті 163 миллион долларға бағаланады.