Түркістан
EN

Қазатомөнеркәсіп» АҚ қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды

25
10.09.2025

«Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды. Компанияның бұрынғы басқарма төрағасы Молдаши екі жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жалған актілер рәсімделетін схеманы ұйымдастырған. Аталған құжаттарда «Казбурмаш СК» серіктестігінен жеткізілмеген қосалқы бөлшектер қабылданғаны туралы жалған мәліметтер көрсетілген. Осы негізде контрагентке 86 миллион теңгеден астам қаржы аударылып, кейін заңсыз иемделген.