Түркістанда тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту жобалары қарқынды жүзеге асуда. Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев бірқатар әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлер мен жолдардың құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оның барысында «Жаңа қала» мөлтек ауданындағы жол салу және абаттандыру жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ, «Әкімшілік-іскерлік орталығы» аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен 100 гектарға жуық жерді қамтитын көпфункционалды атшабар кешенінің құрылысы көрсетілді. Еркебұлан Дауылбаев сапасыз жұмысқа жол берілмейтінін ескертіп, кемшіліктерді жоюды және құрылыс сапасын қатаң бақылауды тапсырды.