Түркістан
EN

Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады

15
10.09.2025

Елімізде жылу-электр орталықтарын киберқатерлерден қорғайтын орталық құрылмақ. Бұл шешім Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданып отыр. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, энергетика нысандарын цифрландыру кибершабуылдар қаупін күшейткен. Ал жаңа орталық осы қатерлердің алдын алып, стратегиялық нысандарды қорғауға бағытталмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта дрондар мен арнайы құрылғыларды пайдалану арқылы желілерді диагностикалау жүйесі іске қосылады.