Қазақстан алдағы 3 жылда толықтай цифрлық мемлекетке айналуы керек. Мемлекет басшысының осы тапсырмасынан кейін бүгін үкімет отырысында әр салаға жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу жолдары пысықталды. Жедел шаралар қабылдау үшін цифрлық штаб құрылды. Оның аясында қазіргі таңда бірқатар шешімдер қабылданып жатыр. Отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов штабтың қабылдаған барлық шешімі мүлтіксіз орындалып, «Digital Qazaqstan» тұжырымдамалық құжатын әзірлеуге кірісу керек екенін айтты.