Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге өзге елден осынша содыр келіп, қатысты деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның сөзінше, бүгінде 19 шетелдік ғана ұсталған. Бірақ қаңтар айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына 20 мың содыр басып кірді деп мәлімдеген болатын.