Сенат өзінің тарихи миссиясын абыроймен, тиімді атқарып шықты. Осылай деген Мемлекет басшысы Жолдауында елімізде бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтерген болатын. Сенатор Нұртөре Жүсіптің мәліметінше, жолдауда айтылған парламенттік реформаны жүзеге асыру оңай шешім емес, алайда уақыт талабы.