Мәуліт - мұсылман әлемінде аса қадірлі айлардың бірі. Себебі, бұл айда адамзаттың ардақтысы, соңғы пайғамбар Мұхаммедтің дүниеге келуі еске алынады. Биыл бұл мереке қыркүйек айының үшінші және төртінші күніне сәйкес келеді. Осыған орай, Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлеріне арнайы дастархан жайылып, ас берілді. Дәстүр бойынша Құран оқылып, салауаттар айтылды. Мәуліт мерекесін атап өту - пайғамбардың өнегелі өмірін үлгі етіп, қоғамды ізгі амалдарға шақырудың бір көрінісі. Сондай-ақ, имандылықты арттыруға, жақсылық жасауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған қасиетті шара саналады.