Таиландтан есірткі тасымалдаумен айналысқан ер адам ұсталды. Тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты – каннабис WAX тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды. Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.