Елімізде 9 есірткі зертханасы жойылды. Бұл – маусым айынан бастап өткізілген "Қарасора – 2025" шарасының нәтижесі. Аталған жұмысқа ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұланның күштері тартылған. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақ техникасы қолданылады. Үш ай ішінде 40 әуе ұшуы жүргізіліп, нәтижесінде 20 есірткі егістігі анықталып отыр, 5 мыңнан астам есірткі өсімдіктері жойылып, 1 тоннадан астам салмақта тәркіленді.