Түркістан
EN

Президент тапсырмасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасады

42
09.09.2025

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың қаржылық сауатын арттыруды ел дамуының басым бағыты ретінде айқындады. Осы бағытта «AMANAT» партиясы қолға алған «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасып жатыр. Жобаның арқасында мыңдаған азамат қарызын азайтып қана қоймай, тұрақты табысқа жетуді үйренуде. Өткен жылы республика бойынша 845 мыңнан астам тұрғын заңгерлік кеңес алып, қаржылық сауатын жетілдірді. Мемлекет басшысы бұл бастаманың қоғамдағы маңызы зор екенін айтып, Үкімет пен Қаржы нарығын реттеу агенттігіне банктердің қаражатын нақты экономикаға бағыттау шараларын күшейтуді тапсырды. Түркістан облысы бойынша 8 мыңнан астам адам қаржылық білім алып, несие төлеу, кәсіп бастау туралы нақты кеңестер алып, қолдау тапқан.