Түркістан
EN

Президент «Таза Қазақстан» эко бастамасына қатысқан жастарға алғыс айтты

54
08.09.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен ағарту ісінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 860 мың гектар аумақтың тазаланғанын және 4 миллионнан астам ағаш отырғызылғанын атап өтті. "Мұндай белсенділік — қоғамның жасампаз құндылықтарға бет бұрғанын білдіреді. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру арқылы Қазақстан нағыз жасыл елге айналуы мүмкін", - екенін айтып, Үкіметке экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін әзірлеуді тапсырды. Президент жастардың бұл бағыттағы белсенділігіне ризашылығын білдіріп, экологиялық тәрбие — келешек ұрпаққа қалатын өсиет екенін жеткізді.