Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдау жасады

52
08.09.2025

 Alatau Сity Қазақстанның алғашқы цифрлық қаласы болады. Жаңа қалаға ерекше мәртебе беріліп, Қытай тарапынан миллиардтаған инвестиция құйылады. Президент  Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында осылай деді. Биылғы Жолдау стратегиялық маңызы бар бағыттарға арналды. Оның ішінде мемлекеттік басқару мен экономикада тиімділігін дәлелдеген цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері басты орынға шықты. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауларын жыл сайын қыркүйек айында, Парламенттің жаңа сессиясының ашылу рәсімінде жасап келеді.