Түркістан
EN

Кірпіш зауыты іске қосылды

56
08.09.2025

 Түркістан облысы, Ордабасы ауданында автоматтандырылған кірпіш зауыты іске қосылды.  Ықыластемір елді мекенінде орналасқан нысанның ашылу салтанатына өңір басшысы Нұралхан Көшеров арнайы қатысты. Айта кетейік, зауыт жеке кәсіпкердің қаражатына салынған. Жоба құны – 2,3 млрд. теңге. Құрылысы былтыр сәуір айында басталып, осы жылы тамызда аяқталды. Мұнда 120 жаңа жұмыс орны бар. 3 гектар жерде орналасқан зауытта жылына 90 млн. дана кірпіш дайындалады. Қазіргі таңда сынама өнім түрлері шығарылып жатыр.