Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғыртуға арналған нақты іс-шаралар жоспарын қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, қазіргі инвестиция саясаты тиімділігін көрсете алмай отыр. Қаражаттың басым бөлігі шикізат салаларына құйылуда. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ірі инвесторлармен қатар орта және шағын бизнес өкілдерімен де тығыз байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, инвесторлармен қарым-қатынас жүйесіндегі қағазбастылық пен түрлі органдардың құзыреттері қайталанатындығын алға тартты. Дегенмен, алдағы негізгі міндет-өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологияларға инвестиция тарту.