Ордабасы ауданында қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімі берілген заманауи мәдени-спорт кешені ашылды. Аумағы кең, мүмкіндігі мол жаңа нысан – ауыл тұрғындары үшін көптен күткен қуаныш. Мұнда спортпен қатар мәдени шараларды өткізуге де толық жағдай жасалған.