Түркістан
EN

Көксарайда су арнасы тазартылады

37
08.09.2025

Түркістан облысында Көксарай контрреттегішінің бас гидроторабын механикалық тазарту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта нысан түбінен лай мен құм арнайы техника арқылы шығарылып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрінің айтуынша, тазарту шаралары көктемгі тасқын кезеңінде еріген суды қауіпсіз өткізу үшін атқарылып жатыр. Алдағы уақытта Көксарайдан Сырдарияның төменгі ағысына су жіберу жоспарланған. Бұл Арал теңізін толтырып, Сыр өзені бойындағы егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, сыйымдылығы 3 миллиард текше метр болатын Көксарай контрреттегіші – Сырдария бассейніндегі су тасқынының алдын алуға, Шардара су қоймасына түсетін суды реттеуге және ауыл шаруашылығы мен экожүйелерді тұрақты сумен қамтуға арналған маңызды нысан.