13 тонна кокаин тәркіленді

14
05.09.2025 20:15

 Қазақстан тарихындағы ең ірі есірткі партиясы. Алматыда 13 тоннадан астам кокаин тәркіленді. Есірткі контрабандасының халықаралық арнасын Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтап, жойды. Ведомствоның мәліметінше, ірі көлемдегі есірткі Қазақстан арқылы басқа елдерге жеткізілмек болған. Күдікті ретінде екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.